Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен «Динамо» орталық кеңесінің Петропавл қаласында ерлер арасында қазақ күресінен чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатта Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкері Ержан Абдуллаев 90 келі салмақ дәрежесіндегі балуандармен сайысқа түсіп, жүлделі I орынды қанжығасына байлады.
Жеңімпаздар тұғырының екінші сатысында – Алмат Тайбағаров 82 келі салмақ дәрежесінде күрескен, бұл палуан күміс жүлдегері атанды.
Екі қызметкер де чемпионатқа алдын-ала дайындалып, үлкен жауапкершілікпен қарады. Нәтижесінде, Қызылордалық полицейлер қарсыластарын ойсырата жеңіп, бәсекелестерінің арасында ерекшеленді.
Жеңімпаз-чемпиондар, спорт саласында қол жеткізген барлық жетістік пен жүлдері, сәтті өнер көрсетулері – тәлімгерлері Дәулет Сейітов мырзаның арқасы екенін айтып, алғыстарын білдірді. Өз кезегінде, тәлімгерлері жаттығушыларының бойына спортқа деген ерекше қызығушылықтарын оятып, үлгі болып келе жатыр.


