Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен барлық мемлекеттік қызметшілерді бас бостандығынан айыру орындарымен таныстыру науқаны ұйымдастырылып жатыр.

Осыған орай облыстық білім басқармасының қызметкерлері мен білім басқармасына қарасты облыстық білім беру ұйымдарының басшылары бас бостандығынан айыру  мекемесіне барды.

Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің  ЗК – 169/1 мекемесінің тергеу изоляторының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан азаматтардың күн тәртібімен таныстырып, аталған изолятордың ғимаратын аралатып, тұрмыс жағдайын көрсетті.

Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру болып табылады.

Тағы да оқыңыз: