Kyzylorda-news.kz. Отандық белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев бүгінде әншілердің көбісі өнерден гөрі, той-бизнеске ойысып кеткеніне қынжылатынын айтты. Көпке сыйлы тұлға той-томалақтардан шықпай, репертуары селкілдек әндерге толы жұлдыздарға шүйлігіп, олардың кәсібилігін сынға алды деп хабарлайды “Ел аузында” бағдарламасы.

Кеңес Дүйсекеев кәсіби әншілер үшін бұл жағдай аса ұят дүние екенін алға тартып, оларға өз деңгейін көтеруге кеңес берді.

“Бұның барлығы той әндері болғанда селкілдектің ізімен кетіп қалған. Өмірдің барлығы селкілдек болмайды ғой. Бұлардың істеп жүргені – тойларға жиі барады. Тойдағы жұртты билету үшін сондай дүниелердің бәрін жасап жүр.

Мұның бәрі өкінішті дүние. Жаман өкінішті. Кәсіби адамға бұл нәрсенің барлығы дұрыс емес. Шын айтқанда, ұят. Әншілерге ұят. Адам кішкене өз деңгейін білу керек, деңгейін көтеру керек” , – деді танымал композитор.

Тағы да оқыңыз: