Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып жатқан үміткерлер ережеге сәйкес үгіт жұмыстарына көшті.

Аты айтып тұрғандай бұл кезеңде кандидаттар өздерін жан-жақты көрсетуге тырыспақ. Алайда үгіт насихат жұмыстары праймериз ережесіне сәйкес жүргізілуі тиіс.

Атап өту керек кандидаттар бұл кезеңде онлайн форматтардағы кездесулер ұйымдастыруына, сондай-ақ, өздерінің үгіт материалдарын таратуға болады. Ал үгіт материалдарын жапсыруға және баннерлер орнатуға ережемен тыйым салынғандығын естен шығармаған жөн.

Бір атап өтерлігі үгіт кезеңіндегі негізгі шаралардың бірі, бұл жария дебаттар. Бұған барлық кандидаттар қатысуға міндетті. Жария дебаттардың кестесі, бөлінісі, сондай-ақ, өткізілетін орны мен уақыты бүгін облыстық партия филиалының әлеуметтік желілердігі ресми аккаунтарында қосымша жарияланатын болады.

Тағы да оқыңыз: