Қызылордалық кәсіпкер сұйық травертин өнімдерін өндіруде – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық кәсіпкер сұйық травертин өнімдерін өндіруде

02.11.2021, 15:00

420 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық кәсіпкер Жасұлан Әбілов 2019 жылдан бастап сұйық травертин өнімдер өндірісін қолға алып, қала және аудан тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруда.

Кәсіпкер 2021 жылы «Микробизнес Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 2 пайыздық несиелендіру бойынша 10 млн. теңге қаражатқа ие болды. Жасұлан Әбілов бұл қаражатқа цехты кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Сұйық травертин өнімін өндіру үшін белгілі бір дағдылар қажет. Сондықтан мамандарды Алматы қаласы мен Қырғызстан еліне тәжірибе жинақтауға жібереміз,» – дейді кәсіпкер.

Цехта тапсырыс берушінің сұранысына сәйкес сұйық травертин көмегімен текстураның әр түрлі түрлері дайындалады. Сәндік ерекшеліктерінің арқасында интерьерге түрлі көрініс беруге болады.

Айта кетейік, бүгінде кәсіпкерлік нысанда 6 адам жұмыспен қамтылған.

0

Пікір қалдыру