Қызылордалық ғалымдар академик атанды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордалық ғалымдар академик атанды

30.06.2020, 9:30

273 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жарғысы мен Төралқа шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 26 маусымда ҚР ҰҒА Жалпы жиналыс сессиясында 2017 жылдан бері босаған орындарға (вакансия) ҚР ҰҒА корреспондент-мүшелері мен толық мүшелерінің (академик) кезекті сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша ҰҒА құрамы еліміздің жетекші ғалымдарымен толықты. Олардың арасында біздің жерлестеріміз, қызылордалық белгілі ғалымдар да бар.

Химия және технология ғы­лым­дар бөлімшесі Жаңа материалдар технологиясы бойынша жерлесіміз Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы академик атанды.

Қ. Бисенов Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 1957 жылы туған.

Ол құрылыс саласында үлкен жетістіктерге жеткен ғалым, жаңа құрылыс материалдарын өндірудің энергия ресурстарын үнемдейтін технологияларын әзірлеу және жетілдіру жөніндегі ғылыми мектептің негізін қалаушы құрылыс саласындағы қазақ ғалымы, жаңа құрылыс материалдарын өндірудің энергия ресурстарын үнемдейтін технологияларын әзірлеу және жетілдіру жөніндегі ғылыми мектептің негізін қалаушы.

1985 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Ячеистые бетоны на основе отходов обогащения флюоритевых руд и шлака»,1995 жылы Ресей Федерациясының Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының жанындағы – 05.23.08 «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы және ұйымдастыру» мамандығы бойынша 064.41.01 Мамандандырылған Кеңесінде «Технология ячеистого бетона с использованием барханных песков и отходов обогащения флюоритовых руд с учетом факторов жаркого климата» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Диссертанттың ғылыми кеңесшісі Ресей инженерлік академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Роман Леонидович Серых болды.

1992 жылы Ресей Федерациясының ғылым, жоғары мектеп және техникалық саясат министрлігінің Жоғары Мектеп комитетінің шешімімен профессор ғылыми атағы берілді. 1985 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Ячеистые бетоны на основе отходов обогащения флюоритевых руд и шлака»,1995 жылы Ресей Федерациясының Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының жанындағы – 05.23.08 «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы және ұйымдастыру» мамандығы бойынша 064.41.01 Мамандандырылған Кеңесінде «Технология ячеистого бетона с использованием барханных песков и отходов обогащения флюоритовых руд с учетом факторов жаркого климата» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Диссертанттың ғылыми кеңесшісі Ресей инженерлік академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Роман Леонидович Серых болды.

1992 жылы Ресей Федерациясының ғылым, жоғары мектеп және техникалық саясат министрлігінің Жоғары Мектеп комитетінің шешімімен профессор ғылыми атағы берілді.

260-тан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 35 патент, 12 монография, 3 оқулық, 20 ғылыми және оқу-әдістемелік құрал. Ол 3 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 4 философия докторы (PhD) дайындады.

Қ. А. Бисенов білім мен ғылымның ұлттық жүйесін жетілдіруге, әлеуметтік-экономикалық дамудың, елдің қоғамдық-саяси және рухани өмірінің өзекті мәселелеріне арналған 280-ден астам мақала, 100-ге жуық сұхбат шығарды.

Биология және медицина ғылымдары бөлімшесі Биология саласы бойынша қызылордалық Әбдірасылов Болатбек Серікбайұлы корреспондент-мүше атанды.

Б. Әбдірасылов Қызылорда облысында 1958 жылы туған.

Ол Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын және Мәскеу экономика және статистика университетінің Қашықтықтан білім беру институтын (МЭСИ) үздік бітірген.

Тірі жүйелердегі ақпараттар беру процесінің молекулярлық механизмдерін зерттеу саласындағы белгілі ғалым, әр түрлі клеткалардың биологиялық мембраналарының жұмыс істеу механизмдерін зерттеудегі молекулярлық аспаптар ретінде антибиотиктерді қолданудың негізін салушылардың бірі. Биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика оқытушысы, экономист. 1980-1986 жылдары Мәскеу облысы, Пущино қаласы, КСРО ҒА биофизика институтының аспиранты. 1986-1994 жылдары Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, доцент, декан, проректоры. 1994-1996 жылдары Ресей ғылым академиясының клеткалар биофизикасы институтының аға ғылыми қызметкері (Мәскеу облысы, Пущино қаласы). 1996-2000 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірінші проректоры, ректоры. 2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақпараттау және тестілеу орталығының директоры.

2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры, Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы. 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 23 қыркүйектегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

2012 жылы 25 ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (2005 ж.), Халықаралық ақпараттандыру академиясының (1998 ж.), Халықаралық жоғары мектеп академиясының (2002 ж.), Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының (2005 ж.) академигі.Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін дамытуға маңызды үлес қосты. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын негізгі әзірлеушілердің бірі.

Б. Әбдірасылов Биофизика салындағы үлкен ғылыми жетістіктері үшін Нобель сыйлығының лауреаты П.Л. Капица атындағы Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының естелік медалімен марапатталған.

Ресей, Австралия, Голландия, Оңтүстік Корея, АҚШ- тың танымал журналдарында 60-тан астам ғылыми жұмыстары жарияланған.

«Биофизические основы действия тритерпеновых гликозидов даммаранового ряда на биомембраны и клетки» кітабының авторы (1996 ж.).

Ал, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесі Шығыстану саласы бойынша сырбойылық Омаров Бауыр­жан Жұмаханұлы академик болды.

Б. Омаров Қызылорда облысының Арал ауданында 1962 жылы дүниеге келген.

 Ол ҚазМУ-дың журналистика факультетін (1986, қазіргі ҚазҰУ), Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін (1998) бітірген. Филология ғылымдарының докторы (2001), профессор (2002).

«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде тілші, аға тілші, аудармашы, бөлім меңгерушісі (1986-1994), ҚазҰУ-да аға оқытушы (1994-1996), доцент, аға ғылыми қызметкер (1998-2000), профессор (2002-2003), Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры (1996-1997), Қызылорда қалалық әкімінің орынбасары (1997-1998), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (2000-2003), ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде департамент директоры (2003-2006), «Астана хабары» газеті бас редакторының 1-орынбасары, «Айқын» газетінің бас редакторы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры (2006-2009) қызметтерін атқарды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары; 2010 жылдан Тіл комитетінің төрағасы, ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болды. Бүгінде – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

Б. Омаровтың ғылыми-зерттеу саласы – әдебиеттану.

1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация, ал, 2001 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымы (генезис, типология, поэтика)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Мұрат Мөңкеұлының шығармаларын, қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымын, ежелгі әдебиет мәселелерін зерттеді.

100-ден астам ғылыми жарияланым мен 10 ғылыми және публицистикалық кітаптардың авторы.

Биология және медицина ғы­лымдары бөлімшесі Медицина саласы бойынша қызылордалық ғалым Баймаханов Болатбек Бимендіұлы академик атағына ие болды.

Б. Баймаханов Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 1962 жылы дүниеге келген.

Ол бүгінде тек республикаға ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де таныс. Ол кісінің медицина саласындағы жетістіктерін мойындаған шетелдегі әріптестері де кәсіби біліктілігін құрмет тұтады. Отандық медицинаны жаңашыл бағытқа бұрған ол өзінің еңбек жолында еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына айтарлықтай зор үлес қосып келеді. Жинаған тәжірибесін іс жүзінде жүзеге асырып, ішкі органдарды трансплантациялауда күрделі оталар жасап, ажал аузында тұрған мыңдаған науқастың дертінен айығуына тер төкті.

Б. Баймаханов Алматы медицина институтының емдеу факультетін хирург мамандығы бойынша бітіріп, Қызылорда облыстық ауруханасында дәрігер-хирург болып еңбек жолын бастады.

Бір жылдан соң эндоскопист-дәрігер, ал, 1990 жылы А.Н.Сызғанов атындағы клиникалық және сынақтық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып тәжірибе жинақтады. 1991 жылы осы институттың хирургия бөлімінің ғылыми қызметкері, 1995 жылы хирургия бөлімінің аға ғылыми қызметкері болды. Ал 2000 жылы ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып қызмет атқарса, 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды. 2003 жылы Алматыға қайта оралып, А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының директоры болды. 2006 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітіріп, заман талабына сай қосымша тағы бір мамандықтың иесі атанды. 2008 жылы Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, 2011 жылы «Республикалық шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, 2012 жылы №7 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды. Қазіргі таңда Алматы қаласында «А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық хирургиялық ғылыми орталық» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет атқаруда.

Ал, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесі Тарих саласы бойынша сырбойылық Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы академик болды.

Б. Кәрібаев Қызылорда облысының Арал ауданында 1964 жылы туған.

1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1990 жылы «тарихшы және қоғамтану пәндерінің оқытушысы» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтайды және жас маман ретінде өзі маманданған тарих факультетінің Қазақ ССР тарихы кафедрасына ассистент қызметіне қалдырылады. Сол кезден күні бүгінге дейін Б.Б.Кәрібаев сол кафедрасында оқытушылық қызмет атқарып келеді. Ол ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор секілді қызметтік сатылардан өтті. 2016 жылдан бері университеттегі Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.

1996 жылы ҚР ҰҒА академигі, профессор Б.Е.Көмековтың ғылыми жетекшілігімен «XV ғ. соңғы XVI ғ. алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының Мауереннахр билеушілерімен саяси қарым-қатынастары» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 1999 жылы доцент атағына ие болды. Ал 2010 жылы ҚР ҰҒА академигі Б.Е.Көмековтың ғылыми кеңесшілігімен «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғап, 2011 жылы профессор атағын алады.

Ол жалпы саны 600-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік жұмыстар мен оқу, оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Оның ішінде жеке монографиялық кітаптың, 40-тан аса авторлық ұжыммен жазылған кітаптардың, 4 тарихи анимациялық фильмнің сценарийінің авторы.

2012 жылы Б.Б.Кәрібаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.

Ғылыми жетістіктері үшін Б.Б.Кәрібаев 1995 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. 1998 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің лауреаты атанды. 2015 жылы «Кітап мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін» алтын медалімен және «2015 жылғы ЖОО үздік оқытушысы» медалімен марапатталды. 2016 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен бірге «Жалаңтөс батыр», «Бұхарбай батыр» және тағы басқа он шақты медалдарының иегері.

Б. Бақытжанұлы 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығының мерекесін дайындау және өткізу жөнінде құрылған үкіметаралық комиссияның құрамында жұмыс жасады. 2017-2019 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «тарих», «археология және этнология» және «түркология» мамандықтары бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беретін ғылыми кеңестің төрағасы, ал 2018-2020 жж. Ұлттық Ғылыми Кеңестің мүшесі болып істеді.

 Б.Б.Кәрібаев 50-ге жуық Халықаралық және Республикалық ғылыми конференцияларға қатысып, онда XIII-XVIII ғғ. Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мемлекеттілік тарихы мәселелері, қазақ тарихындағы тұлғалар тарихы жөнінде баяндамалар жасады.

Сондай-ақ, Қызылорда облысын басқарған Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы мен әріптесіміз, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі де академик атағын иеленді.

Нұрсұлтан МЫҚТЫБАЙ

0

Пікір қалдыру