Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық жастар тыл ардагері Ге Хак Рим қарияның үйіне арнайы барып, көмек қолын созды.

Атап айтқанда, Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы волонтерлер орталығының еріктілері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және кәріс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Елена Ким басқарған мүшелері «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының мүшесі, тыл ардагері Ге Хак Римнің үйінде болып,  қора-жайын тазалауға көмектесті.

Ал, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының  белсендісі, жеке кәсіпкер Елена Ан азық-түлікке толы себетін әкеліп, қарияға қамқорлығын танытты.

Тыл ардагері Ге Хак Рим өз кезегінде көмек қолын созып, игілікті іс жасаған  волонтерлер мен бірлестіктің белсенділеріне шынайы ризашылығын білдірді.

Тағы да оқыңыз: