Kyzylorda-news.kz. Биыл облыс бойынша184,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 99,9 мың гектар, майлы дақылдар 5,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 61,0 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың гектар. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 89,5 мың гектар.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының дерегінше аймақта егісті әртараптандыру бағытында алғаш рет перспективалы дақылдар қант құмайы 70 гектарға, соя 240 гектарға, жүгері дақылы 1 667 гектарға дейін жеткізіліп, ылғал сақтағышаквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар богарлы жерлерге күздік бидай дақылы егілді.

Жалпы егілген ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алу мақсатында59,8 мың тонна минералдық тыңайтқыштар,74,6 мың литр гербицидтер сатып алынып, күріш егістіктерінің65,6 мың гектары арам-шөптеріне қарсы өңделіп, 67,5 мың гектары тыңайтқыштармен толық үстеп қоректендірілді.

Қазіргі таңда, күріштен басқа ерте егілетін дәнді дақылдар толығымен жиналып, майлы және мал азықтық дақылдары мен картоп, көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде.
Егін жинау жұмыстарына қатысатын техникалар толық дайын. Егін жинауға 1640 дана трактор, 843 дана комбайн, 458 дана жатка, 308 дана жүк көлігі және 764 дана трактор тіркемесі қатысуда.

Күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүргізу үшін 12,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Операторлар дизель отынының әр литрін165 теңгеден жеткізуде.

Бүгінгі күні күріш танаптарынан су тартудың бекітілген кестесіне сәйкес 89,4 мың гектар немесе жалпы күріш егісінің 99,8 пайызының суы байланды.

Облыста күрішке орақ салу жұмыстары 22 тамызданбасталды.Бүгінгі күні9766 гектар күрішке орақ салынды. Әр гектарынан орташа 45,6 центнерден өнім алынуда.

Жалпы мамандардың болжамына сәйкес, биылғы жылы жиналатын өнім өткен жылғы көлемненкем болмайды.
Егін жинау жұмыстарын 15 қазаннан кешіктірмей толық аяқтау көзделіп отыр.

Тағы да оқыңыз: