Kyzylorda-news.kz. Еркін күрестен Қазақстан құрамасының капитаны Дәулет Ниязбеков спорттағы мансабын аяқтады. Бұл туралы Olimpic.kz сайты хабарлады. Ақпаратты Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев растады. 

«Токио олимпиадасында алған жарақатым оңай соқпады. Еш ренішім жоқ. Шабатын жерге дейін шаптым. Күреске ықыласымды оятқан, жолымды ашқан, бар білігін үйреткен жаттықтырушыларыма алғыс айтқым келеді. Иә, күреске тоймай кетіп барамын. Олимпиада жүлдесін алсам деген арманым орындалмады. (…). Осы дәрежеге жеткенім үшін де Аллаға шүкір», – дейді ол. 

Айта кетейік, Дәулет Ниязбеков 2012 жылы Лондон және биыл өткен Токио Олимпиадасында өнер көрсетті.

Тағы да оқыңыз: