Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданаралық ауруханасының инфекционист дәрігері Әсел Сейілова ҚазАқпарат тілшісіне соңғы үш аптада қалай жұмыс істеп жатқаны туралы айтып берді.

Әсел Сейілованың айтуына қарағанда ол соңғы үш апта үйіне бармаған. Тәулік бойы жұмыс орнында қалады.

«Менің үйге бармағаныма 3 аптадай уақыт болды. Жұмыста қонып, осында қалудамыз. Бұл барлығымыз үшін қауіпсіз. Мен науқасқа шалдыққандарды емдеп және өзінің жақындарымды қауіпті дерттен қорғағым келеді. Қауіпті індетті жойғанша қызмет орнында боламыз», – деді Әсел Сейілова.

Сондай-ақ, ол жалақысы қосылған үстемақы туралы да айтты.

«Бала күнімнен дәрігер болуды алдыма мақсат еттім. Сол арманыма қол жеткіздім. Он жылдан астам уақыттан бері денсаулық сақтау саласында қызмет атқарып келемін. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еңбегімізді ескеріп, айлығымызға қосымша төлемақы төлеуге шешім қабылдағанын білеміз. Маған наурыз айының жалақысына үстеме төленгені туралы ұялы телефоныма хабарлама келіп түсті. Оның көлемі 248 000 теңгені құрайды», – деді ол.

Тағы да оқыңыз: