Жалағаштық жігіт елордада бүлдіршінді құтқарды (ВИДЕО) – Kyzylorda News
Басты бет

Жалағаштық жігіт елордада бүлдіршінді құтқарды (ВИДЕО)

11.05.2022, 16:00

1217 0

Kyzylorda-news.kz. Елордада сегізінші қабаттан құлағалы тұрған үш жасар қызды құтқарған қызылордалық 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

«Балаларым Қызылордада тұрады, мен осында баспана жалдап, жұмыс істеймін. Жұмысқа асығып бара жатқанмын. Сегізінші қабаттың балконында ілініп тұрған баланы байқадым. Ілініп тұрған қызды көргенде оны құтқаруды ғана ойладым. Ол сәтте өзімді ойлайтындай болмадым», – дейді Сәбит Шонтақбаев. 

Қызылордалық азамат елордаға жұмыс істеуге келген. Оның төрт баласы бар.