Kyzylorda-news.kz. 19 наурызда Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланды.

«I (а) категория елдерінен өңірге  2020 жылдың 6 наурызынан бері барлығы 4 азамат келген. Оның 3 – ҚР-ның, 1 – Сербия азаматы (барлығы Германиядан келген).Тексеріс нәтижесінде бұл азаматтардан КВИ анықталмаған. 4 азамат та провизорлық стационарға (карантинге) жатқызылды», – делінген аталған ақпаратта.

Ал, I (б) категория елдерінен аймаққа 2020 жылдың 5 наурызынан бері бүгінгі күнге дейін бірде-бір азамат келмеген.

Сондай-ақ, II категориялы елдерден аймақ аумағына 2020 жылдың 5 наурызынан бүгінгі күнге дейін 4 азамат Біріккен Араб Әмірлігінен келген. Барлығы ҚР-ның азаматтары.Қазіргі уақытта олар медициналық бақылауда.

«Бұл категорияларға жатпайтын, бірақ КВИ тіркелген елдерден келген ҚР азаматтарының саны – 3. Олар Иордания, Беларусь мемлекеттерінен келген. Бұл азаматтар телефон арқылы бақылауға алынды», – деп атап өтті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: