Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында тергеу изоляторына аяқ қиімге жасырып, телефон  өткізбек болған азаматша  ұсталды.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізбек болған адамның қулығын әшкереледі. Қарақшылық және кісі өлтіру бабы бойынша қамауда отырған інісіне, сәлем-сауқат жібермек болған апасының сәлемдемесін, мекеме қызметкерлері тексеру кезінде, аяқ киімнің табанына мұқият жасырылған “Nokia ұялы телефоны және  «Актив» сим- картасы мен қуаттағыш  құрылғысын тауып, тәркіледі.

Құқы бұзушыға  қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс-құжаттары Қызылорда  қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Тағы да оқыңыз: