Kyzylorda-news.kz. “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңес мүшелері қалалық прокуратура, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және Қызылорда автобус паркінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктердің жұмысы мен санитарлық жағдайымен танысып, Қызылорда автобус парк жұмысына мониторинг жүргізді.
Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10.05.2020 жылғы #12 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың 11 мамырдан бастап облыс, аудан орталықтарында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен қоғамдық көліктердің жұмысына рұқсат етілді. Бірақ, жолаушылар саны көліктегі орындық санынан аспауы тиіс.
Партиялық мониторинг аясында қоғамдық көліктердегі санитарлық жағдайына, жолаушылар саны көліктегі орындық санынан аспауына, көлік жүргізушілері мен кондукторлардың, жолаушылардың бетперделік режимін сақталуына және қоғамдық көліктердің әрбір рейс алдында заласыздандыру жұмыстарына басты назар аударылды.
Осы орайда, мониторинг барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, көлік жүргізушілер толық қолғаптармен қамтамасыз етілмеген, қоғамдық көлікте отыруға арналған орын санынан асатын мөлшерде жолаушылардың кіруіне жол берілген, жолаушылардың салонға бетпердесіз кіруі, жолаушылар арасында 1 метр қашықтың сақталмауы және т.б.

Сонымен бірге, мобилді топ мүшелерімен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйым жұмысымен танысты. Қызылорда автобус паркі тарапынан санитариялық- эпидемияға қарсы және дезинфекциялау шараларын жүзеге асыру бойынша бірқатар жұмыстардың жүзеге асырылуы байқалды. Алайда, әр ауысумға дейін және одан кейін барлық қызметкерлерді тексеруді қамтамасыз ету үшін медициналық қызметкерлердің тұрақты болуы қамтамасыз етілмеген. Медициналық пункт жабық болуына байланысты қажетті медициналық жабдықтармен танысуға мүмкіндік болған жоқ.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңес мүшелері тарапынан тиісті ұсыныстар беріліп, қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторларға, Автобус парк басшылығына сақтық шараларын күшейту жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта партиялық мониторинг жұмыстары жалғасады.
