Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында Желтоқсан және Ергешбаев көшелерінің тұрғындары жарықсыз қалды.

Мемлекеттік нөмірі NB 7919 AQ «Subaru» автокөлігі кернеуі 10/0,4 кВ әуе желісінің №6 темір-бетон тірегіне соққан. Салдарынан 622 жеке және 146 заңды тұлға электр энергиясынан ажыратылды. 

«Үзілген тіректен сымдар алынып, бұл ретте ТП-10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың жүктемелері осы желіден басқа желілерге ауыстырылды. “Қызылорда ЭТТК” АҚ электр желілерінің иесі электр энергиясын тұтынушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, олардың денсаулығы мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қорғау, өз меншігі мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін электр желілерін қорғау ережелерін бұзу жөніндегі материалдарды тапсырды», – делінген департаменттің таратқан хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: