Қызылордадағы карантин: «Тұңғыш Президент саябағы» тұсындағы блок-бекеттің қайнаған өмірі (ФОТО) – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордадағы карантин: «Тұңғыш Президент саябағы» тұсындағы блок-бекеттің қайнаған өмірі (ФОТО)

01.04.2020, 16:50

1090 0

Kyzylorda-news.kz. Алматы секілді миллион халқы бар қалада көлік кептелісі үйреншікті жағдай. Ел оған көндігіп кеткен. Ал, Қызылорда  секілді халқы санаулы қала үшін мұндай машақат бұрын-соңды болмаған.

Облыс аумағында карантин жарияланып, Қызылорда қаласы шекарасы бойынша 5 санитарлық блок-бекет орналастырылғаны баршаға мәлім. Осыған орай, қала аумағында орналасқан 5 блок-бекеттің барлығында да ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Сондай блок-бекеттердің бірі – «Тұңғыш Президент саябағы» жанындағы көліктік айналма жолдағы қызу тіршілік пен қайнаған өмірді таспаға басқан танымал фотограф Нұрболат Нұржаубайдың фоторепортажын назарларыңызға ұсынамыз