Kyzylorda-news.kz. Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын қарттар қашанда құрметке лайық. Қазақ елін өзгелерден дара ететін бір ерекшелік те осы.  Қарияларды құрметтеу, олардың сөзіне құлақ  асу – бабадан балаға сіңген қасиет. Осы орайда, Қызылорда облысындағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет алуға келген қарттарға мереке қарсаңында құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.

ХҚО-ға қызмет алуға келген қарттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал директорының орынбасары Айнұр Шорабекқызы мерекелерімен құттықтады.

«Сіздер құрметті демалыста болсаңыздар да, біздің қоғамның көшбасшысы болып қала бересіздер. Сіздер жастарға патриоттық тәрбие беруде, қаламызды дамытуға өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Сіздердің өмірге деген белсенді ұстанымдарыңыз – өскелең ұрпақ үшін таптырмас үлгі», – деді, филиал директорының орынбасары.

Қызмет алуға келген қариялар өз жұмыстарын жылдам бітіріп, халықтың құрметіне бөленіп, сыйлықтар алып, ХҚО-дан көңілді шықты.

Тағы да оқыңыз: