Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 10-13 наурыз аралығында «Допинг» арнайы операциясының бірінші кезеңі өткізілді.

Кең көлемді «Допинг» жедел профилактикалық іс-шарасы есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

Аталған шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген шараның 3 күнінде облыста 28 құқық бұзушылық анықталды.

«Іс-шара барысында облыс аумағында орналасқан 7 дәріхана тексеріліп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426 бабы  (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттармен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 3 заң бұзушылық анықталды.

Заңсыз айналымнан барлығы – 36,25 гр. есірткі заты марихуана, дәріханалардан 22 дана таблеткалар алынып тәркіленді», – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: