Kyzylorda-news.kz. Өткен жексенбіде Қызылорда қаласында атыс болып, онда үш адам қайтыс болған еді.
Орын алған оқиғаға қатысты жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 6 күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тағы 4 күдіктіге іздеу жарияланды.
Оқиға болған жерді қарап-тексеру барысында және күдіктілердің тұрғылықты мекен жайларынан 5 қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрі, есірткі заты және 7 автокөлік айғақ зат ретінде алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Барлық қатысушы тұлғалардың жеке бастары анықталып, жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар негізінде 8 қылмыстық іс, яғни адам өлтіру бойынша 2 іс, бұзақылық бойынша 2 іс, қарудың заңсыз айналымы бойынша 3 іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша 1 іс тіркелген.
Қазіргі таңда қылмыстық іске қатысты жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін, Қызылордада жастар арасында атыс болып, үш адам қайтыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.
