Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында орын алған оқыс оқиғаға медициналық колледждің оқытушылары мен студенттері куә болған.

Олар осы оқиғадан соң өздері жиі баратын аялдамада тұруға қорқып қалған.  

«Біз сабақта отырғанда айқай-шу, тежеуіш дауыстарын естідік. Терезеге қарасақ аялдаманың жартысы жоқ, адамдар жерде жатыр. Қандай қорқынышты, өйткені біз де бұл аялдамада жиі тұрамыз ғой», деді студент Нұрсат Тілеуов. 

Айта кетейік, оқиға орнында екі бала мен бір ер адам көз жұмды. Ауруханаға жеткізілген 10 жасар мектеп оқушысы да өмірден озды.

Тағы да оқыңыз: