Kyzylorda-news.kz. Өңірде орын алған төтенше  жағдайлар кезінде халық үшін қашанда қол үшін беруге әзір Қызылордадағы апаттар медициналық орталығы 2007 жылы өз қызметін бастады. Шұғыл медициналық көмек көрсетті  сапалы және жедел көрсету үшін білікті дәрігерлер  жұмылдырылған.

«Апаттар медицинасы орталығы қызметінің» мақсаты табиғи және техногенді төтенше жайғдайлар аумағында зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету шараларын жасау арқылы адам өлімін азайту болса бұл тұрғыда атқарылған тірліктер толассыз.

 Жол көлік оқиғалары мен авариялық-құтқару кезінде медициналық көмек көрсету мен психологиялық сұрыптау жасау.

Мәселен, 2016-2019 жылдары филиалдың шұғыл әрекет ету бригадасы 300-ден аса шақыртуларға 400-ден аса адамдарға  шұғыл медициналық көмек көрсетіп, ауруханаларға жедел жеткізілді.

Сонымен қатар 2017 жылдан бері филиалда  психолог маман жұмыс жасауда. Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету және оны ұйымдастыру, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарларын жоюға қатысатын апаттан құтқару бөлімшелері қызметкерлерінің кәсіби ілестіру міндеттерін мүлтіксіз атқарды. Сөзіміздің дәлелі ретінде  төтенше жағдайларға  150  шығуды іске асырған психолог маманымыз 250 азаматқа, оның ішінде 55 балаға шұғыл психологиялық көмек көрсеткен. Тіпті, филиал қызметкерлеріне психодиагностикалық және психофизиологиялық тексерулер, тренингтер мен жеке психологиялық консультациялар өткізу бойынша жұмысты белсенді жүргізуде.

Апаттар медицинасы орталығы қызметінің басымды бағыттарының бірі жол көлік  оқиғалары кезінде зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету жүйесін жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламаның дамуы аясында облыс бойынша 3 (үш) трассалық медициналық құтқару пункті (ТМҚП) құрылды. «Шиелі» күре жолдық медициналық құтқару бекеті. Шиелі ауданы, Бәйгеқұм елді мекенінің тұсында (Шымкент-Самара тас жолының 1913 шақырымында) орналасқан. «Жосалы» күре жолдық медициналық құтқару бекеті Қармақшы ауданы, Иіркөл елді мекенінің тұсында (Шымкент-Самара тас жолының 1662 шақырымында) орналасқан. «Әйтеке би» күре жолдық медициналық құтқару бекеті Қазалы ауданы, Әйтеке би елді мекенінің тұсында (Шымкент-Самара тас жолының 1472 шақырымында) орналасқан. Бекеттер вахталық ауысыммен жұмыс жасайды. Заманауи құрал жабдықтармен және реанимобиль автокөлігімен  қамтымасыз етілген. Бригадалар медициналық құтқару реанимобилінде оқиға орнына шығуларды іске асыра отырып,  күре жолдық пунктінің «жауапты аумағында» тәулік бойы жол көлік оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетеді, сондай-ақ медициналық көмекке өздері жүгініп келген азаматтарға шұғыл көмек көрсетеді.

Біздің жетістіктеріміздің бірі бригадалар медициналық құтқару реанимобилінде оқиға орнына шығуларды іске асыра отырып,  күре жолдық пунктінің «жауапты аумағында» тәулік бойы жол көлік оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп қана қоймай медициналық көмекке өздері жүгініп келген азаматтарға қол ұшын беруге сақадай сай.

Мәселен, 2016-2019 жылдарының аралығында трассалық пункттердің бригадалары жол көлік оқиғаларына 550-ден аса шығуды іске асырды, 1000-нан аса зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді, 400-ден адам аурханаға жеткізілді. ТМҚП-не тегін медициналық көмекке жүгінген азаматтардың 300-ден астам өтініші тіркелді.

Трассалық пункттердің жауапты аумағында өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуі – трассалық медициналық құтқару пункттері қызметінің тиімділік көрсеткіші болып табылады.

Бүгінгі күні Апаттар медицинасы қызметі – өзіне тән қызметтік объектісі және жұмыс әдістемесі бар, еліміздің денсаулық сақтау саласының жеке саласы ретінде өзін танытты.

А.МИРАМБЕКОВА,

«Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының фельдшері 

Тағы да оқыңыз: