Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев облыс орталығындағы тұрғын үйлердің жылу маусымына дайындық барысын пысықтады.

Қала бойынша барлығы 815 көпқабатты тұрғын үйдің 711 орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, оның 104 үйі автономдық блокты модульдік қазандықтар арқылы жылытылады. Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 4 серіктестік және 13 пәтер иелері кооперативтері тиісті жұмыстарын атқаруда.

Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлердегі ақауларды ретке келтіру, өжіре ішіндегі тозығы жеткен жылу құбырларын және вентильдерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Өткен аптадан бастап шаһар басшысы қаладағы тұрғын үйлердің қысқа дайындық барысын аралап, халықпен кездесуді бастаған еді. Келесі кезекте Н.Назарбаев даңғылы бойындағы №2А үй мекенжайында орналасқан жатақханамен сол маңда тұратын үйлердің тұрғындармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Мұндағы тұрғын үйлердің өжірелері тозығы жеткенін жеткізген тұрғындарға Ғанибек Қонысбекұлы қала бойынша биылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде қалалық штаб құрылып, бүгінгі таңда жоспарлы түрде бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізе отырып, кәріз жүйесіне байланысты туындаған мәселелер бойынша сала басшыларына тез арада қалыпқа келтіріп, сапалы орындауды тапсырды.

Биылғы жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында 80-ге жуық көп қабатты тұрғын үйлерге тиісті жұмыстар жүргізіліп, барлық үйлердің пәтер ішілік жөндеу жұмыстары жылу маусымына дейін толық аяқталып, уақытылы қосылатын болады.

Тағы да оқыңыз: