Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында 748 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс әкімі баяндады.

«Арал ауданы Сексеуіл кентінде 300 орындық, Қызылорда қаласының Саяхат ауданында 348 орындық және Шұғыла ауданында 100 орындық мектеп ашылды. Оның ішінде 2 мектеп 448 орындық жеке меншік мектептер, олар Қызылорда қаласының Саяхат ауданында 348 орындық және Шұғыла ауданында 100 орындық. Жыл соңына дейін 900 орындық тағы 2 мектепті тапсыруды жоспарлап отырмыз, оның біреуі апаттық мектептің орнына беріледі», – деді аймақ басшысы.

Инклюзивті білім беруді дамыту үшін 47 мектепке дейінгі ұйымдарда, 27 мектепте инклюзив кабинеттері ашылуда.

Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігі мақсатында мектептер бейнебақылаумен қамтамасыз етілген.

«Полицияның сервистік моделін енгізу бойынша Қарағанды облысының тәжірибесін зерделеудеміз, келер жылы оны енгізетін боламыз», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Айта кетейік, Елбасының тапсырмасына сәйкес биыл Қызылордада колледж оқушылары үшін 475 орындық 3 жатақхана пайдалануға берілді.

Тағы да оқыңыз: