Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жыл басынан бері суға түсу маусымы басталмай жатып, 6 адам суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның үшеуі бала.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен өңірде суға шомылуға қауіпті 64 учаске анықталып, ескерту тақтайшалары мен хабарламалар орнатылды. Облыс бойынша санитарлық және қауіпсіздік талаптары сақталатын 3-ақ жағажай бар. Оның екеуі Қызылорда қаласында және біреуі Шиелі кентінде. Өзге аудандарда тіпті құтқару станциялары да жоқ. Осы ретте мамандар тұрғындарды су айдындарында сақ болуға шақырады.

“Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады. Атап айтсақ, өзен-каналдардың зерттелмеген жерлеріне суға түсуге тыйым салынады. Және де спирттік ішімдік ішіп суға түсуі, балалардың ата-ана қарауынсыз су жағасына баруы мен сүға түсуі болып отыр”,- дейді ТЖД бөлімінің басшысы Жандос Досымов.

Тағы да оқыңыз: