Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша жыл басынан бері 135 502 әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3% кеміген. Оның 134 680-і, яғни 7 501-і сотпен, 127 179-ы уәкілетті органдармен қаралған. Бұл туралы ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқарманың азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Тұрсынқожа Үсенов мәлімдеді.

Оның айтуынша 81 шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығару жөнінде шешім қабылданған.

«Өздеріңізге белгілі қазіргі таңда мемлекеттік органдармен аталған әкімшілік құқық бузушылықтар бойынша хаттамалар планшеттермен және  қала ішінде жұмыс жасап тұрған 24 бейне бақылау жүйесі арқылы келіп түскен ақпараттар негізінде электронды форматта толтырылуда.  Соған сәйкес, қамтылған кезеңде есепке алынған барлық  әкімшілік құқықбұзушылықтардың 108 557-і электронды форматта толтырылса, қалған 26 945-і қағаз жүзінде толтырылған. Жалпы тіркелген әкімшілік құқықбұзушылықтардың көп бөлігі, яғни 87% полиция органдарына тиесілі.

Есепті кезеңде уәкілетті органдармен 1 763 090 418 теңге айыппұл салынса, олардың 1 312 369 759 теңгесі өндіріліп, облыс бойынша  өндірілу көрсеткіші 74,4 пайызды құрап отыр», — деді Тұрсынқожа Ысқақұлы.

Тағы да оқыңыз: