Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысында республикалық «Жолда қабылдау»  акциясы басталды.    

Халықпен кері байланысты орнату бойынша полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында   жүргізіліп жатқан акция облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізілуде.

Акция барысында осы уақытқа дейін 50-ге жуық тұрғын түрлі мәселелер бойынша мамандардан кеңес алды. 

Облыс және қала тұрғындары департаменттің әлеуметтік парақшалары және де «жедел желі» арқылы толғандырған сауалдарын жолдай алады.

Полиция қызметкерлері қала орталығында тұрғындарға көшеде жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтап, бағдаршам белгілеріне дер кезінде көңіл аударып, көшені белгіленбеген жерден өтпеуге үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Тағы да оқыңыз: