Kyzylorda-news.kz. 1 қазаннан бастап жыл соңына дейін Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікте 10 теңгеге арзан жүре алады.

Бұл мүмкіндік SMS-төлем кезінде және Менің Beeline-ым қосымшасы арқылы төлегенде, келесі қалалық бағыттарда беріледі: 1, 2, 11, 14, 17, 18.

Төлеу нұсқалары:

  1. Менің Beeline-ым мобильді қосымшасы: басты бетте «Көлік» бөлімін таңдап, көлік кодын енгізу немесе QR-кодты сканерлеу керек. «Төлеу» пернесін басып, содан билетті алу үшін «Билет алу» пернесін басу керек. Қосымша электронды билет 2505 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде келеді.
  2. SMS-хабарлама: жолақыны төлеу үшін, көлік коды көрсетілген SMS хабарламаны 2505 нөміріне жіберу қажет. Жауап ретінде қолданушы SMS-хабарлама түріндегі электронды билет алады, оны контролерге көрсетуге болады. SMS жіберу тегін.

Жолақы төлегенде, теңгерімнен жолақы толық ұсталып, бірнеше секундтан соң 10 теңге кэшбэк теңгерімге қайтарылады. Акция бойынша күніне 2 рет жүруге болады. Көлік коды мен QR код автобустардың салонындағы жапсырмаларда.

«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің барлық клиенті Android және iOS мобильді платформаларында қол жеткізе алады. Толық ақпарат: www.beeline.kz

(Лицензия ҚР Көлік және коммуникация министрлігінен 24.08.1998 жылы ККМ №ДС 0000317 лицензиясы берілген)

Тағы да оқыңыз: