Қызылордада жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

20.06.2021, 16:56

1156 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жоғалып кеткен 13 жасар қыз, өкінішке орай өлі күйінде табылды. Бағдатқызы Замираның денесі Тұңғыш президент паркінің жанындағы Шіркейлі каналының бойынан табылған.

Іздестіру жұмыстарына барлық қалалық Полиция басқармасының 300-ге тарта қызметкері, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер тобы және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.

«Бүгін, 20 маусым күні жергілікті уақыт сағат 14:00 шамасында үйінен шамамен 2 км жерде Тұңғыш президент паркінің жанындағы Шіркейлі каналының бойынан жасөспірім қыздың денесі табылды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Кәмелет жасына толмаған қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Орын алған оқиға бойынша тергеу әрекеттері басталды. Тергеу әрекеттері Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында.
Жасөспірім қыздың ата-анасына, барша туған-туыстары мен бауырларына Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерінің атынан қайғырып көңіл айтамыз», – делінген Қызылорда қалалық Полиция басқармасының таратқан хабарламасында.

0

Пікір қалдыру