Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық полиция басқармасына жасөспірімнің анасы арызданған. Қала тұрғынының айтуынша 13 жастағы қызы сағат 18:30 сабақтан шығып, үйіне оралмаған.

​Келеді деген үмітпен қызының барлық достарына, оқытушыларына, туысқандарына хабарласып мән-жәйді түсіндіріп іздеу салады. Телефон арқылы іздеу салғандарынан нәтиже шықпағандықтан полицейлердің көмегіне жүгінген.

​Жоғалған жасөспірімді табуға ПБ-ның бүкіл жеке құрамы мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде 13 жастағы жасөспірім 14 ақпан күндізгі уақыт 11:00 шамасында қала орталығындағы көшелердің бірінен табылды. Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жасөспірімді аман-есен тауып, ата-анасына табыстады. Полицейлер табылған жасөспіріммен ата-анасына профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.

Ювеналды полиция қызметкерлері балаларыңызды бақылауды және жауапкершілікті күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды арттыру қажеттігін қатаң ескертеді.

Тағы да оқыңыз: