Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 25 наурыздан бері 17 жастағы жасөспірім қыздың іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.
Ол белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағандығы жөнінде 25 наурыз хабарлама тіркеліп, полиция қызметкерлері мен туыстары бірігіп, іздестіру жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде жасөспірім Алматы қаласынан табылды.
«Наурыз айының 25 жұлдызынан бастап іздеуде болған жасөспірім қыз 28 наурыз күні Алматы қаласынан табылды. Ол Қызылорда қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен Қызылорда қаласына аман-есен жеткізіліп, ата-анасына табысталды. Полиция қызметкерлері жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілді», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Қызылорда қаласының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін, оларды бақылауда ұстау керектігін ескертеді. Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде дос ретінде сөйлесуге кеңес береді.