Kyzylorda-news.kz. Қызылордада бір аптадан бері іздестірілген 18 жастағы бойжеткен ата-анасына тапсырылды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 18 жастағы қыздың анасы арызданған болатын.

Полиция қызметкерлері 7 күннің ішінде жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бойжеткен 23 қазан күні 8:00 де қала орталығының көшелерінің бірінен табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды. Полицейлер табылған бойжеткенмен және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.

Полицейлердің дер кезінде ұйымдастырған іздестіру жұмыстарына риза болған ана, полицейлерге өз алғысын білдіріп, қызметтеріне тек қана жетістіктер тіледі.

Полиция қызметкерлері балаларыңызды бақылауды және жауапкершілікті күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды арттыру қажеттігін қатаң ескертеді.

Тағы да оқыңыз: