Kyzylorda-news.kz. Сіздерді 2022 жылғы 15 шілде сағат 09.00-13.00 аралығында жергілікті тауарөндірушілердің қатысуымен өтетін «Қазақстанның үздік тауары – 2022» өңірлік көрме-байқауын тамашалауға шақырамыз.
Кәсіпкерлер байқауға келесі номинациялар бойынша қатысады:
1. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
2. «Халыққа арналған үздік тауарлар»;
3. «Үздік азық-түлік тауарлары».
Өңірлік көрме-байқаудың 9 жеңімпазы (әр номинацияда үш жеңімпаздан) республикалық конкурсқа қатысады.
Көрмеде 60-тан астам жергілікті тауарөндіруші өнімдерін назарларыңызға ұсынады.
Келіңіздер, кәсіпкерлерге қолдау көрсетіңіздер.
Өткізілетін орны: Қызылорда қ-сы, Қорқыт ата 123 мекенжайындағы «Бизнеске арналған Үкімет» ғимаратының 1-қабаты.
Ұйымдастырушылар: облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы.
Байланыс: 8 /7242/ 40-09-81
