Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының 23 жастағы тұрғыны қалалық Полиция басқармасына арызданып, онда 2018 жылдың қараша айында өзінің бұрынғы жеңгесі оның жеке куәлігі мен банк карточкасын пайдаланып, микрокредиттік ұйымдар арқылы оның атынан 2 несие ресімдегенін көрсеткен.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Тергеу барысында басқарманың тергеушісі полиция капитаны Толқын Мұхтарованың кәсіби біліктілігінің арқасында күдікті азаматшаның қылмыстық іс-әрекеті арнайы сот сараптама қорытындыларымен толығымен дәлелденді.

Бұдан бөлек, тергеу барысында күдіктінің аталған қылмыстан бөлек тағы бір алаяқтық қылмыс жасағаны анықталып, аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген. Іс сотқа жолданып, сот процесінде ол өз кінәсін толығымен мойындады. Жәбірленушіге келтірілген шығын толық өндірілді.

Сот үкімімен сотталушы азаматша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Тағы да оқыңыз: