Tauelsizdik

Kyzylorda-news.kz.Жедел жәрдем бригадалары күніне 18 мың шақыртуға қызмет көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының м.а. Бауыржан Жүсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде айтты.

«Биылғы 5 айдың ішінде жедел көмек бригадалары 3 миллионнан аса шақыртуға қызмет көрсетті. Жалпы республика бойынша жедел медициналық көмек бригадалары күніне 18 мың шақыртуға қызмет көрсетіп жатыр. Бірақ маусым айында шақырту 10 пайызға өсті. Соның ішінде 15-22 маусым аралығында айтарлықтай өсім болды, тәулігіне 22 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетті», – деді Бауыржан Жүсіпов.

Айтуынша, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында шақырту көбейген.

«Осыған байланысты жедел көмек бригадасының шақырту орнына орташа жету уақыты 12-13 минутқа артқаны байқалады», – деді ол.

Тағы да оқыңыз: