Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 3 жоғарғы оқу орны, 17 арнаулы орта білім беру ұйымдары және оларға қарасты 10 студенттік жатақхана бар.

«Jas Otan» жастар қанаты студенттердің өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында жоғарғы оқу орындары және техникалық және кәсіптік білім жанындағы студенттік жатақханаларға жүйелі мониторинг жүргізіп келеді.

Бүгін облыстық «Jas Otan» жастар қанаты жанынан құрылған мобильді топ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің №3, №5 және Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жатақханаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің №3 және №5 жатақханалары 1200 орын, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жаңа жатақханасы 330 орынмен жасақталған.
Жатақханалар асхана, медициналық пункт, душ, кітапхана, оқу залы, сыртқы спорт алаңы, тегін интернет Wi-Fi және қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.

Еске сала кетейік, өткен жылдың мониторинг қорытындысы бойынша 3 арнаулы орта білім беру ұйымдарының басшылығына ескертулерді жою бойынша және 1 оқу орнына жаңа жатақхана ғимаратын салу жөнінде ұсыныс берілген болатын.

Алдағы жүргізілетін мониторинг нәтижесімен аналитикалық талдау жасалып оқу орындарының басшыларына және құзырлы органдарға арнайы ұсыныс хаттар жолданатын болады.

Тағы да оқыңыз: