Kyzylorda-news.kz. Жастар санатын анықтау мақсатында адресті зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Онан соң, дерекқор базасы жасақталады. NEET санатындағы жастардың санын азайту, оларды оқыту, жұмыспен қамту, әлеуметтендіру, кәсіпкерлікке баулу секілді бағыттар бойынша тиісті салаларға ұсыныстар беріледі деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Талғат Тілес мәлімдеді.
Сонымен қатар, жуырда облыстық жастар қоғамдық кеңесі құрылды. Кеңес құрамында облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, «Ауған-Тәжік» соғысының ардагерлері, ерекше жандар, қоғам белсенділері, әрбір ауданның белсенді жастар өкілдері енгізілді. Онда жастар мәселесіндегі өзекті мәселелер қоғаммен талқыланып, механизмдер айқындалады. Қазіргі таңда тиісті органдармен, құрылымдармен салааралық байланыс күшейтілуде. Жастарға арналған контенттерді дамытуда басты назарда.
«Жас ғалым -2022», жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және әлеуметтендіру бойынша аула клубтарын ашу, «Basta» үш күндік бизнес лагері, «Invest Orda» облыстық бизнес жобалар байқауы, Жастарға аскери-патриоттық тәрбие беру, «Технократтық қоғам» жобалары және Байқоңыр қаласындағы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында коворкинг орталығын ашу жұмыстары жоспарымызда бар. Сондай-ақ, ғимаратта жастарға, жасөспірімдерге арналған үйірмелер іске қосылды. Би, каратэ-до, ауыр атлетика, сурет салу, джуи-джитсу ережесіз жекпе-жектен, таэквандодан тегін үйірмелер жұмыс істеуде», – деді Талғат Тілес.
Айта кетейік, 18 ақпан күні «Жастар орталығында» аймақ жастарына арналған «Мүмкіндіктер алаңы» өткізіледі. Онда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, түрлі оқытулар, мемлекеттік бағдарламалар, жастарға арналған жобалар туралы кеңес беріледі.