Kyzylorda-news-kz. Халықаралық жастар күніне орай Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығында» жаңа SYRJASTARY.COM сайтының тұсаукесері өтті. Мұнда өңір жастарына қатысты күнделікті ақпараттар жарияланады. Сайтта көшбасшылар жайлы тың мәліметтер, қажетті кітап қорларының электронды нұсқасы да қамтылады.

Атаулы күнге орай орталықтағы ІТ парк базасында да ерекше шара ұйымдастырылды. Тұрғындар істен шыққан компьютерлерін ІТ паркке әкеліп, мамандар оның ішіндегі қажетті бөлшектерді пайдалана отырып, жаңа компьютер жасақтайды. Олар жаңа оқу жылына орай мұқтаж отбасы балаларына табысталатын болады.

Бұдан бөлек, орталықтағы IT кітапхана оқу орталығына айналды. Мұнда тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалар білімін жетілдіре алады. Оған қосымша арнайы волонтерлер, ерікті мұғалімдер тартылады. IT кітапханада бар жағдай қарастырылған, интернет желісі қолжетімді.

Тағы да оқыңыз: