Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Жастар Рухы» жастар қанатының «BIR TOLQYNDA» диалог алаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауы талқыланды.

Диалог алаңына «AMANAT» партиясы «Тұран» филиалының атқарушы хатшысы Е.Назаров, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Т.Тілес, жастар ұйымдарының жетекшілері, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенттері қатысып, пікір алмасты.

Кездесу барысында «AMANAT» партиясы «Тұран» филиалының атқарушы хатшысы Е.Назаров жастарды сапалы білім алуға, аянбай еңбек етіп, адал табыс табатын, мемлекет дамуына үлес қосатын азаматтар қатарында болуға шақырды.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Талғат Тілес Мемлекет басшысының Жолдауына кеңінен тоқталды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі» – деді Талғат Тілес.

Бұл бастамалардың барлығы жастардың дамуына өз септігін тигізетінін жеткізді.

Кездесудің модераторы болған «Жастар рухы» облыстық филиалының кеңесшісі А.Какарманова партияның жастар қанатының бастамасымен іске қосылған республикалық «Өрлеу» жобасының жастар үшін маңыздылығына тоқталып өтті.

Тағы да оқыңыз: