Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының белсенділері қала тұрғындарына тегін екі мың бетперде таратты.

Белсенді еріктілер, қала тұрғындары көп шоғырланған орындарға, яғни, «Жаңа базар», «Жайна», «Қорқыт ата», «Aray City Mall» сауда үйлерінің маңына және қоғамдық (аудан аралық және қала ішілік) көліктерге таратылды.

Шара барысында «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Т.Тілес қала тұрғындарына қазіргі таңдағы сақтық шараларының маңызды екендігіне кеңінен тоқталды.

Игі іске кәсіпкерлерде қолдау көрсетуде. #BIZBIRGEMIZ акциясына «Абзал и К» толық серіктестігі үлесін қосуда.

Тағы да оқыңыз: