Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Antilor Ortalygy» сервистік орталығында онлайн режимінде өңіріміздегі сайлау комиссиясының шешімі негізінде сайланған 41 аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерімен кездесу өтті.
Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Байхожаев Берік Ұзақұлы, Қызылорда қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбішов Сайлаубай Әбішұлы және «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Тусмағанбетов Жандос Бектайұлы қатысты.
Кездесудің басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құқықтық түсіндірме жүргізу, Қазақстан Республикасындағы меритократия, тиімділік, нәтижелік, транспареттік және қоғамға есептілік қағидаларына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру, мемлекеттік басқару жүйесін бәсекеге қабилеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсету қамтамасыз ету, болып табылады.
Сайлаубай Әбішұлы – жаңадан сайланған әкімдерге мемлекеттік қызметтегі өзінің тәжірбиесімен бөлісіп, қатысушыларымызға бірқатар кеңестер беріп алдағы қыметтеріне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, шара барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының бірі ол мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі арқылы мониторинг жұмыстары жайлы, қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершілігі институты туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары бойынша ауқымды ақпараттар берілді.