Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 8 сәуірінен бастап «сары» аймаққа енді. Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №4 Қаулысына сәйкес аймақта эпидахуал асқынған жағдайда және ол 5 күн тұрақты сақталған кезде карантиндік шараларды күшейту жүргізіледі. Осыған байланысты шектеу шараларын енгізу мақсатында Қаулы қабылданды. Бұл туралы Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова мәлімдеді.
Қаулыға сәйкес тыйым салынады:
1) қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға;
2) ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, «ауыз ашар», т.б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
3) банкет залдарының жұмысына;
4) букмекерлік кеңселердің қызметіне;
5) бильярд, боулинг, компьютерлік клубтардың, түнгі және ойын клубтарының, караокенің қызметіне;
6) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне;
7) мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге;
8) балалардың ойын-сауық орталықтарының (жабық үй жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар) жұмысына;
9) көрермендермен спорттық іс шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.
Сонымен қатар, белгіленген шектеулермен және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен:
10) балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысы топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын алу жазылу бойынша;
11) қоғамдық көлік жұмысына;
12) банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері жұмысына 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт шектеуімен;
13) ұйымдар, офистердің жұмыстарына 50%- күндізгі режиммен;
14) белгіленген талаптар сақталған жағдайда және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің қызметіне;
15) қоғамдық тамақтану объектілеріне толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істеуге;
16) сауналар жұмысына (жексенбіден басқа);
17) 30 адамға дейін мәдениет объектілерінің жұмысына (дайындық);
18) толтырылуын 20%-дан артық емес етіп театрлар, кинотеатрлар, концерт залдарының жұмысына рұқсат беріледі.
Мектептердегі білім беру форматы өзгеріссіз күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен:
19) облыстың барлық аймақтарында:
– контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқыту;
– білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту;
20) тәуекелі төмен және орташа аймақтарда орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыту;
21) колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуды жалғастырады;
22) алдын ала жазылу бойынша стоматология, медициналық орталықтар, кабинеттер жұмысына;
23) толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;
24) толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына рұқсат;
25) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін адам санын 30-дан асырмай спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат.
26) маска режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға рұқсат;
27) белгіленген санитариялық талаптар, қағидалар сақталған кезде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі.
28) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді тапсырамын;
Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша бетперде киюге міндетті.
Осы Қаулы 2021 жылғы 13 сәуірден бастап күшіне енеді.