Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жаңа қатты қалдықтар полигонына 5 гектар жер телімі бөлінді. Бұл ақпарат Өңірлік коммуникациялар қызметінің «Facebook» парақшасында жарияланды.

Қатты қалдықтар полигоны Арал қаласының солтүстік-батыс бөлігінде, яғни қаладан 4 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қазіргі таңда полигон құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Атап айтқанда, жер мен топырақты тегістеу жұмыстары толық аяталып, автокөліктерге кіретін жол дайындалды. Полигон құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Айта кетейік, Қызылорда облысында қатты қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жұмыстар үш бағытта жүргізілуде. Олар қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, халыққа қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтер ұсыну, экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келетін қатты қалдықтар полигондарын құру.

Тағы да оқыңыз: