Kyzylorda-news.kz. Облыста «Нұрсәт» орталығында қосымша 4 жабық теннис кортының құрылыс салынуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов баяндады.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы байдарка және каноэ есу базасының құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Өткен жылы аймақта 4 Қазақстан Республикасының чемпионаты, 2-і халықаралық және 5 республикалық турнирлер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 11 облыстық біріншілік ұйымастырылды. Облыс спортшылары ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 353 медальді жеңіп алса, Азия чемпионаттарында 25 медальға қол жеткізді. Олимпиадасын жолдамасын жеңіп алған Дәулет Ниязбеков пен Қамшыбек Қоңқабаев жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тағы да оқыңыз: