Kyzylorda-news.kz. Қызылордада қарақшылық жасаған екі күдікті ұсталды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының «102» арнасына 70 жастағы зейнеткер қоңырау шалып, арызданды.

Оның айтуынша, өзінің таныстары үйіне баса көктеп кіріп, күш қолданып, аяқ-қолын байлап, ұялы телефоны мен банк картасын ашық түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа күдікті екі азамат ұсталды. Екеуі де бұрын сотты болған қала тұрғындары.

Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Қарақшылық, яғни тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Тағы да оқыңыз: