Kyzylorda-news.kz. Облыс орталығында полиция қызметкерлерімен «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Шара аясында тәртіп сақшылары шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олардың қала аумағында болу заңдылығын тексерді. Жатақханалар, қонақ үйлер, базарлар, вокзал және салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады.  Қала көлемінде Көші-қон қызметі бөлімі мен Жергілікті полиция қызметкерлерімен жүргізілген жұмыс барысында 60  шетел азаматы полиция органдарына жеке басын анықтауға жеткізілді, оның ішінде 35 азаматтың заң бұзушылығы анықталып, әкімшілік хаттамалары толтырылып, Қызылорда әкімшілік мамандандырылған сотына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

Сондай-ақ, 15 шетел азаматы жеке басын анықтайтын құжатының болмауына байланысты  Қызылорда ҚПБ-ның Қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

Тағы да оқыңыз: