Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтады.

Департамент мамандары жүргізілген тексеру барысында көтерме саудамен айналысатын жеке кәсіпкердің қоймасынан шығу тегі белгісіз есептік-бақылау маркалары жапсырылған 648 дана алкоголь өнімдері табылды.

Барлық заңсыз алкоголь өнімдері көлеңкелі бизнес айналымнан алынып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: