Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап автомобиль жолдарында жолаушыларды тасымалдау қызметіне бақылау жасау функциясын көліктік бақылау органдардың құзыретіне қайта берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Нажмадин Шамұратов баяндады.
«Облыста жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын 211 тұрақты маршруттар ұйымдастырылған. Олардың ішінде, 74-і заңсыз тұрақтар, 6 тұрақтан көршілес облыстарға шағын және үлкен сыйымдылықтағы автобустар қатынайды. Қалған 68-і өздігінен шоғырланатын такси тұрақтарын құраса , ал 20-сы аудан орталықтарында орналасқан. Тұрақты емес жолаушылар тасымалын лицензиясыз жүргізу, жолаушылар мен багаж тасымалы қағидасының сақталмауы, өзге де бақылау жұмыстарының нәтижесінде, көлік заңнамасының талаптарын сақтамаған 1058 заңбұзушылықтар анықталып, айыппұлдар салынды», – деді Нажмадин Шамұратов.
Көліктік бақылау инспекциясының негізгі міндеттіне – автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдау қызметіне және су көлігінің қауіпсіз пайдалануына, темір жол көлігіне бақылау жүргізу болып табылады. Аталған салалар бойынша, есепті мерзім уақытында 18 мемлекеттік қызмет түрінен жолаушыларды тасымалдайтын 1769 қызметі көрсетілді. Мұнан өзге, теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында 48 шаруашылық субьектілері тексерілді. Тексеру барысында 551 заң бұзушылық анықталды.

Тағы да оқыңыз: