Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласы, Қазыбек би-Ілиясов көшелерінің қиылысы,  Әуезов-Тоқмағанбетов  көшелерінің қиылысы және Мұратбаев-Амангелді көшелерінің қиылысындағы д-300 мм ескі ауыз су құбырын  ажырату жұмыстары жүргізіледі.

Осы орайда Тасбөгет кенті, СПМК-70, Сәулет, Саяхат, Шұғыла, Южный тұрғын аудандары, 3 ірілендірілген квартал және қала орталығында ауыз су беру  17 қыркүйек күні сағат 24.00-ден бастап 18 қыркүйек сағат 06.00-ге дейінгі уақыт аралығында уақытша тоқтатылады.

«Аталған аудан тұрғындарынан қажетті ауыз су көлемін жинап алуларыңызды және атқарылатын жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», – делінген су жүйесі мекемесінің таратқан хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: