Қызылордада уақытша бірнеше қоғамдық көліктердің жүру кестесі өзгереді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада уақытша бірнеше қоғамдық көліктердің жүру кестесі өзгереді

22.05.2020, 17:50

1380 2

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында жол жөндеу жұмыстарына байланысты қоғамдық көліктердің жүру кестесі өзгереді. Бұл туралы Қызылорда қаласының әкімдігі хабарлады.

Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесіне 2020 жылдың 24 мамырдан бастап орташа жол жөңдеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №1,8,15,21,24 бағыттағы қалаішілік қоғамдық көліктердің жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін уақытша төмендегідей бағыттардың жүру жолын өзгертілетін болады.

  1. № 21, 24 бағыттар Қазыбек би көшесімен келіп, Қорқыт Ата көшесі арқылы түсіп, әрі қарай өз бағыттарымен жүреді;
  2. №1, 8, 15 бағыттар Қазыбек би көшесімен келіп, А.Тоқмағанбетов көшесі арқылы түсіп, әрі қарай өз бағытымен жүреді;

Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

2

  • Сол Айтеке биден баска кошени кормейме дейм.жыл сайын казад та жатад орталыкты.Биз туратын А.Отегенов кошеси омири асфальт кормеген. Айта айта шаршадык.Сыганакта.аралап корснниздер екен.

  • Белколдің трасса бетіндегі шұңқырлар мен құмды айтсаңшы,бетон арықтар мусорлар ,көретін көздер жоқ па дерсің,асфальт төсемеседе трактормен бір сипап берсе шіркін

Пікір қалдыру