Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 7-11 сәуір аралығында велоспорттан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады.

Қызылорда қаласында қатарынан төртінші мәрте ұйымдастырылғалы отырған жарысқа еліміздің облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 110-ге жуық велошабандоз қатысады.

Додада 25 шақырымдық жекелей жарыс, 80-100 шақырымдық айналым, 70-80, 90-100 және 120-130 шақырым қашықтықта топтық жарыстардың жүлделері сарапқа салынады.

Жарыстың мақсаты – еліміздің құрама командасын жасақтау үшін мықты спортшыларды айқындау, велоспортты насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.

Қазақстан чемпионаты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт істері комитеті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстанның велосипед спорты федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Бағдарлама бойынша жарыс күн сайын сағат 10.30-да басталады. Жарысқа қатысушылар Қызылорда-Шымкент, Қызылорда-Самара, Шымкент-Самара-Наурыз-Президент саябағы-Әуежай, Жезқазған тас жолы бойымен өтеді.

Тағы да оқыңыз: